Бірыңғай байланыс орталығы (ұялы телефоннан тегін)
қалалық телефоннан
Бұл бөлімде Алматы ӘКК-ның кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған құралдары мен мүмкіндіктері сипатталған
Бұл бөлімде Алматы ӘКК-ның кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған құралдары мен мүмкіндіктері сипатталған
Алматы ӘКК-ң мүмкіндіктері мен құралдарына тез, әрі оңай бейімделіңіз
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесті кәсіпкерлік орталығынан ала аласыз «Qoldaý»
Алматыда инвесторлар үшін артықшылықтар:
Құрал-жабдықтарды әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босату.
Салықтар бойынша артықшылықтар:
Шикізат және материалдар импортын қосылған құн салығынан босату.
Жер телімдері, машиналар мен құрал-жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары, өндірістік және шаруашылық мүкәммал, ғимараттар мен құрылыстар, есептеу техникасы және жеңіл автокөліктен басқа көлік құралдары түріндегі мемлекеттік заттай гранттар.
Басым инвестициялық жобалар үшін қосымша салық жеңілдіктері беріледі:
Almaty Invest арқылы кеңес алуға, инвестициялық мүмкіндіктерді, қаланың жоспарлары мен жобаларға қажеттіліктерін білуге болады
Біз Алматы индустриялық аймағында ірі өндірісті орналастыру үшін барлық коммуникациялары бар жер телімдерін ұсына аламыз
Құрылыс бағытында еншілес Күрделі құрылыс кәсіпорнының мүмкіндіктерін қарастыра аласыз
Біз жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру мүмкіндігін қарастырамыз
Активтер — бұл коммерциялық және әлеуметтік жобаларға сатылатын тұрғын емес үй-жайлар, әкімшілік және өндірістік ғимараттар, жер телімдері.
Осы жер телімдері мен объектілер негізінде инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Активтер аукциондар мен конкурстар өткізу арқылы кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында бөлінеді (инвестициялық ұсыныстар).
1. Бекмаханов к-сі, 90, 2-қабат
2. Қазыбаев к-сі, 276А
* бос тұрғын емес үй-жайлар
1. Серіков к-сі, 22/3 уч.
* тегін жер телімдері
Жалдау — Алматы ӘКК серіктеске (жалға алушыға) белгілі бір уақыт аралығында объект ұсынатын ынтымақтастықтың ең қарапайым нұсқасы. Жобаның әлеуметтік бағытына байланысты объект өтеулі немесе өтеусіз жалға беріледі, сондай-ақ жалдаудың ұзақ жеңілдікті кезеңінің нұсқасы қаралады.
Бірлескен қызмет — жеке заңды тұлға құрмай инвестициялық жобаны іске асыруды көздейтін ынтымақтастықтың неғұрлым икемді құралы. Тараптардың салымдары ақша қаражаты да, жылжымайтын мүлік объектілері де болуы мүмкін.Бірлескен қызмет шартта белгіленген құн бойынша инвесторға өз үлесін сату жолымен келісілген уақыт аралығы арқылы Алматы ӘКК жобасынан шығуды білдіреді.
Бірлескен кәсіпорын — заңды тұлға құра отырып, инвестициялық жобаны іске асыру. Бұл механизм операциялық қызметті жүргізуді көздейтін ірі мерзімсіз жобаларда қолданылады.
Сенімгерлік басқару Алматы ӘКК теңгеріміндегі белгілі бір объектіні операциялық қызметті жүргізу үшін сенімгерлік басқарушыға беруді білдіреді. Сенімгерлік басқарушы объектіні пайдалану және мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды қанағаттанарлық жағдайға келтіру үшін қаржы қаражатын инвестициялайды. Осы механизмді іске асыру аясында Алматы ӘКК пайда алушы болып табылады, ол сенімгерлік басқарушыға белгілі бір сыйақы (тіркелген мөлшерлеме немесе алынған пайданың/кірістің бір бөлігі) төлейді.
Инвестициялық шарт — ынтымақтастық нысанында Алматы ӘКК инвестициялық жобаны белгілі бір мерзімге қаржыландыруды жүргізеді. Бұл механизм басым және әлеуметтік-маңызды жобаларда пайдаланылады.
Өтінім қалдырыңыз, біз оларға міндетті түрде жауап береміз!
Шағын өнеркәсіптік парктер
Шағын өнеркәсіптік парктер — бұл өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін жүргізілген коммуникациялары бар аумақ.
Өндірістік үй-жайлар қала шегінде инвесторлармен немесе өндірістік базалардың меншік иелерімен салынады және жеңілдікті шарттармен беріледі:
Үй-жайлардың құны:
Стационарлық емес сауда объектілері (СЕСО)
Стационарлық емес сауда объектілері (СеСО) — сауданы дамыту және ШОБ қолдау үшін жеңіл құрастырмалы конструкциялар.
Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктермен бірлесіп Алматы қаласының 8 ауданында СеСО-ді орналастыру үшін 99 жер учаскесі іріктеліп алынды, оларды ӘКК-ге беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жер учаскелерін СеСО-ді орнату бойынша бөлу:
Толық шарттары бар аукциондар туралы хабарландырулар www.spk-almaty.kz сайтында, «Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылады.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Демалыс күнгі жәрмеңкелер — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін жергілікті тауар өндірушілер мен фермерлердің ұсынғанынан жоғары емес бағамен сату бойынша Алматыдағы апта сайынғы уақытша сауда алаңдары.
Қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың 8 ауданында орналасқан. Демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңкеге орналастыру үшін жалдау ақысы — айына 18 650 теңге
Сауда павильондары — әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және белгілі бір өнім түрлерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға баса назар аударылатын тауарларды бөлшек саудада өткізуге арналған алаңдар.
Алматыда тұрақты негізде 28 павильон жұмыс істейді, олар әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмендетілген бағамен сатады.
Тұрақтандыру қоры — азық-түлік өнімдерінің негізгі қоры азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның күрт көтерілуіне және азық-түлік тапшылығына жол бермеу мақсаттарына қызмет етеді. Қор жергілікті бюджет есебінен толықтырылады.
Қазір кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен қарыз беру арқылы тарта отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеудің жаңа тетігі жұмыс істеуде.
Almaty Finance
Almaty Finance — Алматыда жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолжетімді қаржыландыру көзін ұсынатын кредиттік ұйым.
Жобалар:
«Almaty» микроқаржы ұйымы
Almaty МҚҰ — Алматыдағы жеке кәсіпкерлік өкілдеріне қаржыландыру ұсынатын Almaty Finance еншілес компаниясы.
Аlmaty МҚҰ-ның микрокредит беру бағдарламасы «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. ұйымның негізгі басымдығы «Бизнес және жеке капитал үшін қала» миссиясына сәйкес келетін шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.
Сондай-ақ, кепілзатпен қамтамасыз етілмеген кәсіпкерлерге төменде көрсетілген шарттарда жеңілдетілген кепілсіз шағын несие ұсынылады:
«Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы
«Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы Алматының шағын және орта бизнесін және зәкірлік жобаларын дамытуды қолдау үшін әзірленді.
Негізгі бағыттары:
Толығырақ ақпаратты алуға болады:
1. Сайтта www.qolday.kz
2. Call-орталығы: +7 (727) 225 10 79
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асырады. Бұдан басқа, бағдарлама мемлекеттік гранттар беруді және кәсіпкерлерді оқытуды көздейді.
Бағдарлама келесі бағыттарды қарастырады:
Толығырақ ақпаратты алуға болады:
1. Сайтта www.qolday.kz
2. Call-орталығы: +7 (727) 225 10 79
Қарапайым заттар экономикасы
Қарапайым заттар экономикасы – өңдеуші өнеркәсіп пен Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы.
Бағдарламаның міндеттері:
Толығырақ ақпаратты алуға болады:
1. Сайтта www.qolday.kz
2. Call-орталығы: +7 (727) 225 10 79
Almaty Invest
Almaty Invest — инвестиция тарту орталығы.
Басты артықшылықтары:
Іске асырылатын жобалар
Алматы индустриалды аймағы
Алматы индустриалды аймағы — өнеркәсіп және өндіріс бағытындағы ірі жобаларды іске асыруға арналған аумақ.
Индустриялық аймақтың алаңы
Пайдалы алаң
Жобаларға бөлінді
Бос жер телімдері
Инфрақұрылым:
Қатысудың артықшылықтары:
Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны – ескі тұрғын үй қорының мәселелерін шешу және азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту.
Негізгі қызмет:
ескі үй бұзылды
жаңа үй салынды
Артықшылықтары:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл мемлекет пен бизнестің қоғамдық маңызы бар жобаларды құруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастығы.
Негізгі функциялары:
МЖӘ мүмкіндіктері: